Қарағанды облысы Нарбақ қоймасындағы бөгет бұзылып, тасжолды су шайып кетті, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.
Сол себепті «Қарағанды-Жезқазған» бағытындағы күрежол жабылып, көлік қатынасына шектеу қойылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоймадағы су мөлшері күрт молайып, шлюздің екі жағындағы 40 метр бөгетті қиратып өткен. Осылайша, ағысы қатты су республикалық маңызы бар тасжолдағы көлік қатынасын қиындатты.
Руслан Нұрланұлы
Фото: www.nv.kz