Жер телімінің кадастрлық құнын бұдан былай келісім негізінде төлеуге болады

Оның құны жер телімінің орналасуына және көлеміне қарай 2 млн теңгеге жетеді. Ал мұндай қаржыны шағын кәсіп иелері 1 ай ішінде төлеп құтыла алмайтын.

Жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды мұқият зерттеп шыққан мамандар осындай тоқтамға келді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Яғни кәсіпкерлер алдағы уақытта жер ақысын төлеу мерзімін ұзарта алады деген сөз. Бұған дейін кадастрлық құнды өтеу үшін жер иесіне 30 тәулік қана уақыт берілетін. Оның құны жер телімінің орналасуына және көлеміне қарай 2 млн теңгеге жетеді. Ал мұндай қаржыны шағын кәсіп иелері 1 ай ішінде төлеп құтыла алмайтын. «Бұл мерзім шағын және орта бизнестің өркендеу жолын белгілі бір деңгейде тежеп келді», - дейді мамандар. Сөйтіп, кәсіпкерлер палатасының араласуымен әкімшілік кедергі толық жойылды.

Салауат Құлмахан, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

- Бізге мәселені шешіп беруге 4 кәсіпкер арыз негізінде жазып келді. Көбісі ауызша болды. Біз осыған сәйкес Қызылорда облыстық прокуратурамен, жер қатынастары басқармасымен, қалалық әкімдікпен осы бағытта жұмыс жасадық. Өзі өтініш білдіреді, қанша төлей алатын шамасын өзі көрсетеді. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне біраз көмек болады деп есептейміз.

Фото:kazrabat.kz

Следите за новостями zakon.kz в: