Шымкентте балабақшадағы өрт салдарынан 200 бүлдіршін қауіпсіз жерге шығарылды

Қызыл жалын әдіскер кабинетінде шығып, арнайы техниканы, жиһазды, құжаттар мен пластикалық терезелерді отқа орағандығы белгілі болды.

Өрт Шымкент орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойындағы «Салтанат» балабақшасында шыққан. Оқиға орнына арнайы техника және 55 құтқарушы шұғыл жетті, деп жазады businessnews.kz.

Ғимараттан 195 бала мен 30 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер 10 минуттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалын әдіскер кабинетінде шығып, арнайы техниканы, жиһазды, құжаттар мен пластикалық терезелерді отқа орағандығы белгілі болды. Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото:dnepr.info

Следите за новостями zakon.kz в: