«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті

Zakon.kz
Бородюк «Қайрат» клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келген.

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА, fckairat.kz жазған мақалаға сілтеме беріп.

Келісімшарт ресейлік маманның бастамасымен тоқтатылған. «Клубтың басшылығы бапкерді қызметінде қалдыруға тырысты. Дегенмен, Александр Бородюк «Қайрат» клубынан кетуге шешім қабылдады. «Қайрат» футбол клубы Александр Генриховичке біздің клубта жасаған жұмыстары үшін алғыс айтып, сәттілік тілейді», - делінген клубтың сайтында.

Бородюктің қызметінен кететіні туралы мәлімет алматылық клубтың «Ақжайықтан» жеңіліп қалуынан кейін шыға бастаған еді. Үш ойын өтсе де, «Қайраттың» қоржынында бір-ақ ұпай бар.

Айта кетейік, Бородюк «Қайрат» клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келді. 53 жастағы ресейлік маман алматылық клубты үш жыл жаттықтыруы тиіс еді.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Названы имена казахстанцев, погибших в авиакатастрофе в Актау