Қазақстанның Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова Қазақстанда отандық өндірістегі мектеп формасын сатып алуға мемлекеттік тапсырыс енгізу қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
«Біз мектеп формасы нарығының сыйымдылығын бағаладық, оқушы жиынтығы неден тұратынын қарап, бір жылға жалпы соманы есептедік. Егер есепке 1,7 млн оқушыны алатын болсақ, яғни біз олардың бәрін қамти алмаймыз, онда нарық сыйымдылығы нарықтың әлекетті сыйымдылғы 291 млрд теңге кезінде 176,8 млрд теңгені құрайды», - деді ол жеңіл өнеркәсіптің отандық өндірушілерінің мектеп формасы топтамаларының форум-көрмесінде.
Қауымдастық басшысы облыстар бойынша оқушылардың саны жайлы мәліметті келтірді. Сонымен, оқушылардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында – 21%, Алматыда - 8% және Алматы облысында – 12%. Осы үш аймақта, оның айтуынша, «оқушылар көп шоғырланған».
Сонымен қатар, Л.Худова мектеп формасының нарығын және жеңіл өнеркәсіп нарығын дамытуды тежейтін негізгі проблемаларды атады. Бірінші кезекте, оның айтуынша, Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан осындай тауарларды мағлұмдалмаған әкелу болып отыр.
«Бұл сондай-ақ әкелінетін тауарлардың сапасын бақылау деңгейінің төмендігі. Бүгінгі таңда балаларға арналған заттардың сапасын бақылайтын орган жоқ. Сондай-ақ, өндірушінің өзін қорғайтын алдын алу шаралары жоқ», - деп тап өтті ол.
Осыған байланысты Л.Худова саладағы бірқатар мәселелердің шешімін ұсынды.
«Біз балалар киімін, бірінші кезекте мектеп формасын және спорттық форманы әкелуді шектеуді, балалар мен жасөспірімдерге арналған әкелінетін тауарлардың сапасын бақылауды күшейтуді, балаларға арналған тауарларды бақылауды енгізуді ұсынамыз», - деді ол.