Қазақстан халқының саны жыл басынан бері 0,2%-ға артып, 2016 жылдың 1 наурызына 17 млн 713,8 мың адам болды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті, деп хабарлайды businessnews.kz.
Жарияланған статистикалық мәліметтерде Қазақстандағы қала халқының саны екі айда 0,3%-ға, 10,099 млн адамға артқанын, ауылдікі – 0,01%-ға өсіп, 7 млн 615 мың адамға дейін жеткенін жазған.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының халық саны 0,4%-ға – 2,852 млн-ға,
Алматы облысында – 0,1%-ға, 1,95 млн-ға, Маңғыстау облысында – 0,6%-ға, 630,2 мың-ға,
Жамбыл облысында – 0,2%-ға, 1,113 млн-ға,
Ақтөбе облысында – 0,3%-ға, 837,1 мыңға дейін,
Қызылорда облысында – 0,3%-ға, 767,5 мыңға,
Атырау облысында – 0,4%-ға, 596,8 мыңға,
Қарағанды облысында – 0,08%-ға, 1,386 млн-ға жетті.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының халық саны 0,05%-ға азайып (112 адам), 569,2 мыңды құраған.
Алматы халқының саны 0,6% -ға өсіп 1,713 млн адамға, Астананікі – 0,3% өсіп, 875,4 мың адамға артқан.
Фото: szh.kz