Алматыда заңсыз құбыр жүргізіп алған үйлер судан ажыратылды

Алматыда су құбырын заңсыз жүргізгендердің әрекетін тию қиынға соғып тұр.

Судың да сұрауы бар. Алматыда су құбырын заңсыз жүргізгендердің әрекетін тию қиынға соғып тұр. Соңғы үш айдың ішінде рұқсатсыз құбыр тартқан 1100 үй анықталған. Ең сорақысы -тіршілік нәрінбұрып алғандардың басым бөлігі ауқатты тұрғындар. Тіптен тартылғанқұбырдың диаметріжалпыға ортақ талапқа сай емес, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Алатау ауданы Иманов көшесіндегі 21 үйдің иесі 2003 жылдан беруі суды рұқсатсыз пайдаланып келеді. Коттеджінің иесі ауласындағы бес бірдей шағын үйді жалға беріп, ай сайынпайда тауып келеді. Бірақ 13 жылдан берісудың ақысын төлеу ойына кіріп-шығар емес. Осы уақыт аралығында "Алматы су Холдингі" мекемесініңқызметкерлері суды 7 рет қиып кеткенімен, одан әлі нәтиже жоқ.

Суды сұраусыз пайдалануға әбден үйреніп алған қожайын өз ауласы арқылы көршілеріне де тегін келіп жатқан тіршілік көзінің құбырын тартып тастаған. Сан түрлі сылтауын айтқанмен, жігіт ағасының қажетті құжаты жоқ болып шықты. Қыңыр әрекетін қоймайтын қожайынға баратын суды тағы да бекітіп тастаған мамандар істі енді сотқа жолдамақ.

"Мінеки, мына үйдің иесі Үсенбай Еркебұлан. Бірақ өзі тұрмайды. Үйді жалға береді. Қанша рет түсіндірдім құжат жасатыңыз деп. Бармайды, тек жарайды, жарайды мен келеді. Өшіріп кетсек, қайта қосып алады",- деді«Алматы су Холдингі» МКМ бақылаушысы Бақыт Жекеева.

Су тартуға рұқсат алу қиындық тудырмайды. Құны да қымбат емес. Сметалық жобаны жасату 40 мың теңге көлемінде ғана. Бірақ жалпыға ортақ талапқа құлақ аспай, өз бетімен орталық су құбырын тесіп, ауласына кіргізіп алған үйлердің саны қазір қала көлемінде 3800.

Ал, мынау орталық құбыр жүйесінен ақау шыққанда немесе су ұрлаушылар өз беттерінше қосылған жағдайда дабыл қағып, бұрылған су бағытын анықтайтын аппарат. Топырақты қопармай, әр үйдің есігін сығаламай-ақ жасырын жасалғанкелеңсіздіктерді әшкерелеуге болады. Рұқсатсыз су қосқандардың 95 пайызы осы құрылғы арқылы анықталады екен.

"Осы үш айдың өзінде1100 үйді судан ажыратқан болатынбыз. Бірақ одан заңсыз суға қосылғандардың саны азайып жатқан жоқ. Олар қайтадан қосып алады. Әсіресе Алатау ауданында заңсыздықтар көп. Біздің статистикамыз бойынша олардың экономикалық жағдайы жақсы. Демек олар заңға бағынғысы келмейді",- деді«Алматы су холдингі» МКМ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота Жылысова.

Заңсыз тартылғанқұбырлардың көлемі дежалпыға ортақ талапқа сай келмейді.Диаметрі 15 мм су желісін рұқсатсыз қосқан үй иесіне салынатын айыппұлдың көлемі 151 мың теңге. Құбырдыңжуандығына байланысты айыппұл көлемі 500 мың теңгеге өседі. Бірақ оған қарап жатқан жан жоқ.

Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжан

Фото:1080.plus

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: