Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 48 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева мәлім етті. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 2015 жылы 19-тамызда азаматтық некеде тұрған қыздың ішігін ұрлап, тоғыз күннен кейін оны өлтіріп тастаған. Бұған қоса, ол бойжеткенге тиесілі мүлікке бірнеше рет ауыз салған.
- Сот үкімі бойынша ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлімі «адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді, - дейді Жанар Жұматаева.
Фото:altaynews.kz