Вашингтонда әлем елдерінің басшыларын бейбіт өмірге үндеген Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын украиналық сарапшылар да жан-жақты талқылап жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
«Қазақ елі басшысының саммитте айтқан ядролық отынды қауіпсіздендіру һәм оны бейбіт мақсатта қолдану» туралы пікірі бүкіл әлемге үлгі» деп есептейді саясаттанушы Александр Иванилов.
Александр Иванилов, саясаттанушы:
- Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрындық болуымен терроризмге қарсы күресетін әлемдік ұйым құру туралы ұсынысы маған ұнады. Сондай-ақ, тек бейбіт мақсатта ғана пайдалануға болатын ядролық отын банкін Қазақстанда сақтау идеясы дұрыс шешім деп санаймын.
Фото: today.kz