Қазақстанда 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынған. Жаңа ережеге сәйкес құпия ақпараттармен жұмыс істейтін қызметкерлердің телефондарында диктофон, камера және Bluetooth функциялары болмауы тиіс, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.
Ереже бекітілгелі бері ең қарапайым, ескі үлгідегі телефондарға сұраныс артқан. Ал, кейбір қазақстандықтар бұл мүмкіндікті өз пайдасына шешуге тырысып, интернет-дүкендерде телефон бағасын бірнеше есе шарықтатып жіберді.
Фото: kaztv.kaztrk.kz