Еліміздің 5 облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында 116 үй әлі де қызыл су астында. Су деңгейі 10-нан 20 сантиметрге дейін жетеді. Тас жолдардың 163 учаскесін су шайды, оның 109-ы қазір қалпына келтірілген.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында еріген қар суымен күрес үшін еліміздің өзге өңірлерінен құтқару бөлімшелерінің күштері мен техникалары тартылды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі тасқынға қарсы шараларға ІІМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметтерінің, ҚМ әскери бөлімдерінің күштері мен техникалары, жергілікті халық жұмылдырылды: 3571 адам, 1091 дана техника, 205 дана су сору құрылғысы және 31 жүзу құралы.

Барлық күштердің жұмыла әрекет етуінің арқасында Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 27909 метр уақытша бөгет тұрғызылды. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан өңірлерінде инертті материал салынған 83099 дана қап төселді.

Қарғын суды сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәуліктерде 142 287 текше метр еріген қар суы сорылды. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 539755,6 текше метр су сорылды.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында 116 үй әлі де қызыл су астында. Бұл баспаналарда су деңгейі 10-нан 20 сантиметрге дейін жетеді. Тас жолдардың 163 учаскесін су шайды, оның 109-ы қазір қалпына келтірілген.

Фото: bnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пособие по 70 тыс. тенге за каждого ребенка: какое решение приняли в Минтруда

Петросян раскрыл смысл брака с Брухуновой

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

"Уят": подписчики пристыдили родителей Кайрата Нуртаса за видео

Названа дата начала зимних каникул в школах Казахстана: сколько они продлятся