Алматыда жатақхана өртке оранды, зардап шеккендер бар

Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Алматыда жатақханадан шыққан өрттен бір адамды күйік шалды. Сонымен қатар, 3 ересек және 4 бала тұншықтырғыш газға уланған. Бұл туралы Алматы телеарнасы, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Жетісу ауданындағы бес қабатты жатақханада өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдай қызметінің мамандары оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 6 минутта жеткен. Жоғары қабаттардан 9 адам құтқарылып, тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Фото:www.inform.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: