Геннадий Головкин киноға түседі

Геннадий болашақта киноға түсу ойында бар екенін айтады. Ол күні кеше ғана Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің елшісі атанды.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын осыдан 10 жыл бұрын бастады. 2009 жылы 12 раундтық жекпе-жекке өтті. WBO атағы бойынша сынға түскен жерлесіміз бразилиялық қарсыласы Джон Карвалионы екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Американың атақты HBO телеарнасы 2012 жылдан бастап Головкиннің барлық жекпе-жектерін көрсетіп келеді. Осылайша, Генаның да даңқы аспандай бастады, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

«Madison Square Garden» аренасы – ең мықты боксшылардың ордасы саналады. Өзінің атағын қорғау үшін дәл осы аренада жерлесіміз бірнеше жекпе-жегін өткізді. Атақты Габриэль Расодо, Нобухиро Исида, Мэтт Маклин, Кертис Стивенс, Осуману Адама, Дэниэл Гил, Марко Антонио Рубио, Мартин Мюррей, Вилли Монро кіші сынды теңдессіз былғары қолғап шеберлерінің өзін сан соқтырып, талайын нокаутқа түсіргені тағы бар.

Геннадий болашақта киноға түсу ойында бар екенін айтады. Ол күні кеше ғана Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің елшісі атанды.

«Мен үшін бұл үлкен мақтаныш. Елімнің таңдауы маған түскеніне қуаныштымын. Бұл Елбасының идеясы мен саясатының жемісі. Мен қазір дайындығымның шыңына жеттім десем болады. Алдағы жекпе-жекті асыға күтудемін. Осы жекпе-жек менің бұған дейінгі атақтарымды қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Сайыста жанкүйерлеріме жақсы шоу ұсынғым келеді»,-дейді чемпион.

Бүгін туған күнін атап өтетін Геннадий Головкин әуесқой рингте 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-де жеңіске жеткен.

Фото:www.time.kz

Следите за новостями zakon.kz в: