«Теңізшевройл» Теңіз мұнай кен орнында қара алтын өңдейтін үшінші зауыттың құрылысы үшін жобалық құжаттарды дайындап жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүзеге асырылмақ. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазіргі таңда "Теңізшевройл" жылына 26,5 млн тонна мұнай өндіреді. Болашақта жоба аяқталғаннан кейін мұнай алу көлемі 12 млн тоннаға артып, 37 млн тоннаға жетеді.
Фото:neftegaz.kz