Алматыда «Жеңіс стратегиясы» атты кітап жарық көрді

Кітапта Кеңес әскерінің стратегиялық операциялары негізге алынған. Жалпы олардың саны 8-ден асқан.

Алматыда «Жеңіс стратегиясы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбекте сұрапыл соғыс жылдарында Кеңес армиясының стратегиялық операциялары баяндалған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Туынды авторы тарихты, полк басшыларының мемуарлары мен арнайы әдебиеттерді 20 жыл аралығында зерттепті. Кітапты шығару үшін бір жыл уақытын сарп еткен. Жаңа басылым мың тиражбен шығарылыпты. Алдағы уақытта оның санын арттыруды көздеп отыр.

"Кітапта Кеңес әскерінің стратегиялық операциялары негізге алынған. Жалпы олардың саны 8-ден асқан. Біреуі қорғаныс болса, қалған жетеуі шабуыл операциялары. Мен бұл еңбекте әр қимылдың қалай дайындалғанын, соғыстың әр кезеңіндегі әскерлердің әрекеттерін қамтуға тырыстым",- деді «Жеңіс стратегиясы» кітабының авторы Мұхтар Назарбаев.

Фото:almaty.tv


Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: