Елбасы Үндістан Республикасының Премьер-Министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Жеделхатта көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған, деп жазады zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Фото: bnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в: