Алматыда кеңес дәуіріндегі ғарышкерлердің сурет көрмесі өтті

Суреттердің көпшілігі 60-шы жылдарды бейнелейді.

Алматы мемлекеттік орталық мұражайында кеңес дәуіріндегі ғарышкерлердің сурет көрмесі өтті. Борис Халтуриннің "Қарағанды - ғарыш айлағы" деп аталатын фотокөрмесі ғарышқа 55 жыл бұрын алғаш ұшқан Юрий Гагаринге арналған, деп жазады Алматы теларнасы.

Суреттердің көпшілігі 60-шы жылдарды бейнелейді. Оларды фотосуретші ғарышкерлермен кездескен сәттерінде түсіріп алған.

"Мен 1971 жылға дейін түсірдім. Сол кезде мені Алматыға ауыстырған еді. Екіншіден, 1971 жылы оқыс оқиға орын алды. Балқаш үстінде үш ғарышкеріміз қаза тапты. Ұшу кезінде олардың құрылғылары істен шықты. Сол оқиғадан кейін мен оларды түсіруді тоқтаттым",- деді көрме авторы Борис Халтурин.

Фото:almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: