«Бекіре - 2016» жедел-іздестіру іс-шарасының барысында Атырау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы БҚО тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.
ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ұсталған азаматтан тиісті құжаттарынсыз 260 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК 339-бабы, яғни, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: kaztv.kaztrk.kz