Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармасы және бөлімдерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жоспарлы аттестатталуы өтті, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
18404 әскери бөлімінің базасында әскери қызметшілер оқ ату машығы бойынша жаттықты. 100 метр қашықтықта АК-74 автоматынан нысанаға оқ атудан шеберліктерін паш етті. Жеке құрамның жоспарлы атыстарының негізгі міндеттері жауынгерлік дағдыны жетілдіру және теория жүзінде алған білімдерін практикада қолдану болды.
Әскери қызметшілер барлық іс-қимылдарды пысықтап, жақсы нәтижелер көрсетті. Әйел әскери қызметшілер де алғашқы далалық оқ атулардан өткенін айта кеткен жөн. Олар үшін бұл тың тәжірибе және нағыз әскери қызметтің қыр-сырын меңгерудің алғашқы мүмкіндігі. Олар Калашников автоматын жинау, бөлшектеу және тазалауды өздігінен орындауда, оқ атуда практикалық тәжірибе жинақтады. Олардың барлығы практикалық тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.
Аттестаттау үш жылда бір рет әскери қызметшілердің қызметіне, олардың кәсіби және іскерлік қасиеттеріне жан-жақты және дәйекті баға беру мақсатында өткізіледі. Оқ ату кезінде жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы жоғары шеберліктері мен кәсіби дағдыларын көрсетті.
Фото: www.mod.gov.kz