Павлодар ауданы Заря ауылдық округіне қарасты жерде облыс әкімінің резиденциясы жанында 1,3 гектар жер қызыл жалынның астында қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің директоры Аждар Жүсіпов хабарлады.
-Кеше Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Алғабас ауылының маңында 15 гектар жер өртенді. Тілсіз жауды бір жарым сағатта 16 адам ауыздықтады. Оның ішінде бес орманшы, Ленин кенті мен Алғабас ауылының әкімдігінен сегіз адам және үш қала тұрғыны атсалысты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, - деді А. Жүсіпов.
Айта кетерлігі, Заря ауылының маңындағы өртті сөндіруге келген екі орманшы мен Кенжекөл ауылдық әкімдігінен бес адам, екі ауыл тұрғыны жарты сағат қызыл жалымен арпалысты. Екі жағдайда да өрттің орман қорғау мекемесінің аумағына өтуіне жол берілмеді.
-Тұрғындар ескі шөпті өртейміз деп отқа ие бола алмай қалады. Сондықтан мұндай жағдайда абайлық таныту керек, - деп атап өтті мекеме директоры.
Фото:www.youtube.coм