Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсірді

Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған.

Канзастық фотограф Джейсон Толботт екі басты жыланды суретке түсірді, деп жазады ҚазАқпарат, Би-Би-Си агенттігі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Жыланды Толботтың достары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан.

«Мен жыланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті, кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы олар улы жылан емес болатын», - дейді фотограф.

Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған. Табиғатта екі басты жыландар кездеседі, алайда олар бірнеше ай ғана өмір сүреді.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в: