Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзу жағдайларын анықтау және оны болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz, Астана қаласы ІІДЖергілікті полиция қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Бекітілген аумақтарды күн сайын аралау барысында «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері нысандардың іргелес аумақтарын санитарлық тазалау мен уақытылы жинауды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
Өткен кезеңнің ішінде 723 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде ҚР ӘҚК 505-бабы бойынша шағын және орта бизнес объектісінің 372 өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде:
- 94 ПИК жалпы сомасы 3 563 280 теңге,
- 20 мердігерлік ұйым 890 820 теңге,
- 47 құрылыс нысаны 2 523 990 теңге,
- 211 шағын және орта бизнес кәсіпкері (бірінші қабаттағы объектілер, дәмхана, мейрамхана жәнет.б.) жалпы сомасы 9 184 430 теңге айыппұл төледі.
Барлық басшылармен және азаматтармен абаттандыру ережелерін сақтау, санитарлық ұстау, нысан аумағын жинауды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі. Мұнымен қоса, Астана қалалық мәслихатының шешімімен кәсіпкерлер іргелес аумақты (периметрі 5 м) таза ұстауға міндетті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін тәртіп сақтау бойынша қолайлы жағдай жасауы керек. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлғаларға 30-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.
Фото: astana.gov.kz