Қостанайда полицейлер ауған героинын Қазақстан мен тағы басқа да елдерге тасымалдайтын халықаралық есірткі жолын кесті. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері Қостанайда, Лисаковта, Рудныйда, Қарағандыда кең ауқымды опреациялар өткізді. Операция нәтижесінде халықаралық есірткі қылмысы тобының Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарынан тұратын 15 мүшесі бір мезгілде қолға түсті.
Полицейлер сөзіне қарағанда, қылмыскерлер екі жыл бойы Қазақстанның солтүстік облыстарын есірткімен қамтамасыз еткен. Ішкі істер министрлігінің мамандарының айтуынша, Қырғызстаннан героиннің ірі көлемін 36 жастағы Ош тұрғыны тасып тұрған. Ол қылмыстық ортада Первая ласточка деген лақап атпен белгілі есірткі баронының күйеу баласы болады. Барон Орта Азия аймағында бірінші рет аса қауіпті есірткі түрін таратудың және контрабанданың желісін құрған.
Полицейлер оны Қостанай қаласының орталығынан бір килограмм героинымен ұстаған. Бұл облыс орталығындағы Әл-Фараби мен Чехов көшелері қиылысында жүзеге асқан.
Нәзира Жәрімбетова.
Фото: alau.kz.