Қостанай облысында күре жолдарды су шайып, көлік қатынасы үзілген

Жергілікті билік табиғи апаттан тұрғындардың зардап шекпеуіне барынша күш салып жатыр.

Қостанай облысында күре жолдарды су шайып, бірнеше елді мекеннің көлік қозғалысын қиындатты. Меңдіқара ауданында 6 ауылға 2 тәулік бойы мүлдем қатынас үзілген. Бүгін олардың төртеуіне қайтадан жол ашылды, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Ал, екі ауылға әлі де көлікпен жетуге мүмкіндік жоқ. Жергілікті билік табиғи апаттан тұрғындардың зардап шекпеуіне барынша күш салып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек

Фото:news.ivest.kz

Следите за новостями zakon.kz в: