Ел ішінде адамдардың демалысын субсидиялау ұсынылды

Қазіргі кезде Қазақстанда туризмді дамытудың жоспары әзірленіп, онда саланы субсидиялау жеке тарау болып айқындалды.

Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағы төрайымы Инна Рей туризмді дамыту бағытында ел ішіндегі демалысты субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің экономикасында бұл саланы субсидиялау үрдісі пайда болуын қалап отырмыз. Яғни, шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін демалуға жағдай жасау қажет болып тұр. Сондықтан да бұл тұрғыда қазіргі кезде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деді ол.

Өз кезегінде аталған ұйымның атқарушы директоры Гауһар Жеңісбек мәселенің мән- жайы туристік сертификаттарды енгізуге байланысты екенін атап өтті. «Қазіргі кезде туристік сертификаттарды енгізу жөніндегі мәселе қарастырылып жатыр. Бұл бұрындары болған кәсіподақ жолдамаларына балама іспеттес. Атап айтқанда, еліміздегі демалыс орындарына сертификаттар беруі үшін жұмыс берушілерді ынталандыруға ниеттіміз»,-деді ол.

Аталған одақ өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда туризмді дамытудың жоспары әзірленіп, онда саланы субсидиялау жеке тарау болып айқындалды.

«Осы бағыт үшін мемлекетте бар ресурстар қаралды. Қазіргі кезде ел ішінде туризм зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін дотациялық болуы үшін үлкен жұмыстар атқарылуда»,-деді Инна Рей.

Оның пайымынша, ішкі туризм үшін негізгі кедергі саладағы жоғары бағаға байланысты болып отыр. Сонымен қатар кейбір жерлерде инфрақұрылым да тиісті деңгейге жеткізілмеген.

Руслан Ғаббасов

Фото:uvao.ru

Следите за новостями zakon.kz в: