Қазақстан бойынша таяу күндері аномальді жылы ауа райы күтілуде

Күндізгі температура 6-15º нормадан жоғары +20-25ºС, оңтүстіктің шеткі аудандарында +31ºС дейін көтеріледі.

Бүкіл Қазақстан бойынша таяу 3 күнде аномальді жылы ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, "Қазгидромет" таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Синоптиктердің 14-16 сәуірге арналған болжамына сәйкес, атмосфералық процестердің жедел ауысуы көктемге тән белгілер болып табылады. Қазақстанға 13 сәуірде жылжыған антициклон, Монғолияға ауысуда, солтүстік-батыс тропосфералық ағындар оңтүстік-батысқа ауысуда.

"Солармен бірге көктем маусымының жоғары температурасын арттыратын, Иран аймағынан бізге жылы ауа келуде. Алдағы үш тәулікте республиканың барлық аумағы бойынша әдеттен тыс жылы ауа райы күтілуде. Күндізгі температура 6-15º нормадан жоғары +20-25ºС, оңтүстіктің шеткі аудандарында +31ºС дейін көтеріледі",-делінген хабарламада.

Фото:www.liveinternet.ru

Следите за новостями zakon.kz в: