Көліктегі ІІД көші-қон полициясы қызметкерлері мен Петропавл ст. Ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бірлесе отырып, Өзбекстан Республикасының екі азаматын жүк пойызының вагоны арқылы Петропавловск стансасынан Ресей Федерациясының аумағына өткізбек болып, заңсыз көші-қон ұйымдастырған 33 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 394 бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 19 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан, соның ішінде заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша 4 факт анықталған.