Қанат Ислам 8 мамыр күні колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен кездеседі

31 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 8 мамыр күні АҚШ-тың Майами қаласында колумбиялық Хуан де Анхельмен кездеседі, - деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, боксшының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сілтеме жасап.

28 жастағы Хуан де Анхель осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізген. Оның 18-інде жеңіске жетсе, 1 жекпе-жегін тең аяқтап, 3 кездесуінде ұтылып қалған.

Ал, 31 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Айта кетейік, қазақстандық боксшы жекпе-жекке жаттығуын АҚШ-та өткізіп жатыр.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в: