Биыл Каспий жағалауы ойпаңында барлау басталады

Каспий жағалауы ойпаңында көмірсутектер кенін барлау жұмыстары басталады.

Биыл Каспий жағалауы ойпаңында көмірсутектер кенін барлау жұмыстары басталады. «Каспий-1» жаңа тірек параметрлік ұңғымасымен 15 шақырым тереңдікке дейін бұрғылау көзделіп отыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Мұндай жоба бұрын-соңды әлемде болмаған. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен «Еуразия» халықаралық жоба қатысушыларының отырысында мәлім болды. Оған геологиялық зерттеуге қатысуға қызығушылық танытқан отандық және халықаралық мұнай-газ компаниясының өкілдері қатысты. Жоба мақсаты – жаңа кен орнын ашу. Олай болмаған жағдайда, 15-20 жылдан кейін мұнай өндірудің көлемі күрт азаюы мүмкін. Барлауға білек сыбана кірісетін компанияларға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Олар бірінші кезекте салықтан босатылады. Терең орналасқан жиектердегі зерттеу 5 жылға жоспарланған. Жобаға 520 млн доллар инвестиция тарту көзделіп отыр.

Балтабек Қуандықов, Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамының президенті:

- Осындай терең ұңғы қазуымыз керек. Екінші, оған қосымша геофизикалық жұмыстарды іздеп, терең қабаттарды зерттеуіміз керек. Бұл жұмыс бізге осы жердегі мұнайдың көлемін көрсетеді, содан кейін ол ресурстарды пайдалану үшін кем дегенде 20-30 жыл уақыт керек.

Фото: www.intercourier.com.ua

Следите за новостями zakon.kz в: