Екібастұзда «Қазпошта» АҚ-ның филиалына тағы да ұры түсті

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот екі азаматты тоғыз жылға бас бостандығынан айырса,мүлкі тәркіленіп, жалпыға ортақ қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтеуге жіберілді.

Екібастұзда «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан белгісіз екі азамат ашық түрде 1 миллион теңгеден астам қаржыны қолды қылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстауға бағытталған жедел іздеу шаралары ұйымдастырылуда, - деп жазылған облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтырғы жылы мамыр айында түнде бейтаныс ер адамдар Екібастұз қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан 60 млн теңгеге жуық қаржыны тонап кеткен. Тергеу барысында күдіктілерден ұрланған ақшаның жартысы алынды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот екі азаматты тоғыз жылға бас бостандығынан айырса, екеуінің мүлкі тәркіленіп, жалпыға ортақ қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтеуге жіберілді. Бұдан басқа, оларға "Қазпоштаға" келтірілген 31 млн теңге материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Фото: pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: