Қостанай облысында «Ұлы дала есімдері» атты жаңа жоба басталды, деп хабарлады kostanaytany.kz.
Жаңа жоба негізінен жастарға арналған және әлеуметтік желіде ғана жүзеге асырылады. Яғни, көбіне жастар әлеуметтік парақшаларда Тобыл-Торғай өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалар мен қайраткерлер жайлы мейлінше тың деректер қысқаша ғана беріліп отырады. Игі бастама «Ұлы дала елі» атты республикалық жоба аясында іске асырылады. Оған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мұрындық болып отыр.
-Басты мақсатмыз — жастарды туған өлке тарихын құрметтеуге шақыру, — дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси бөлім кеңесшісі Олжас Дүйсеков.
Фото:alashainasy.kz