Елордалық турагенттіктің директоры Гүлшат Сәдуақасова 31 756 347 теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана Ішкі істер департаменті 1983 жылғы Гүлшат Сәдуақасоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 2013 пен 2014 жылдар аралығында туристік компанияның өңірлік директоры қызметін атқарған ол 31 756 347 теңге көлемінде ақша жымқырған.
Бұған қоса, Г.Сәдуақасова «BARAKAT GM» ЖК-да қызмет ете жүріп, былтырғы мамырдан биылғы наурызға дейінгі аралықта туристік қызмет көрсету, ішкі және халықаралық бағыттарда әуе билеттерін сатып алуға жәрдемдесу сылтауымен елордалықтардың сеніміне кіріп, кейін тұрғындардың ақшасын қалтасына басқан.
Осыған байланысты Астана ІІД Гүлшат Сәдуақасованың алаяқтық әрекеттерінен жапа шеккен жәбірленушілер мен қылмыстық іске қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан Ішкі істер департаментіне жүгінуді сұрайды.
Г.Сәдуақасова Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Фото: newsoboz.org