Қарағанды облысында үш ер адам кәріздің буына уланып көз жұмды

Zakon.kz
Полиция қаза тапқандардың мүрдесін 14 сәуірде кешке 5 метр терең құдықтан алып шықты.

Қарағанды облысында металл сынықтарын жинап жүрген үш адам кәріздің буына уланып қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат, өңірдің ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес жазатайым оқиға Абай ауданының Южный кентінде істен шыққан тазалау құрылғысы аумағында орын алды.

«Төрт ер адам металл қалдықтарын жинау үшін кәріз құдығына түскен. Қордаланып қалған газдан уланған үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі құдықтан өзі шыққан. Қазір ол Топар кентіндегі орталық ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция қаза тапқандардың мүрдесін 14 сәуірде кешке 5 метр терең құдықтан алып шықты. Қаза тапқандардың жасы 28-33 аралығында

Тергеу жүргізілуде.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

70-летняя Любовь Успенская показала друга

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Основатель сети магазинов одежды Mango погиб на экскурсии на глазах у членов семьи

Астрономы объяснили, почему Солнце станет огромным после Нового года