Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың 75% жуығы гиподинамияға шалдыққан – Г.Иксанова

Zakon.kz
Қазақстандықтардың арасында зиянды әдеттердің таралуы үш жылдың ішінде төмендей бастағанына назар аударды.

Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады, ал әрбір үшінші әскерге шақырылушы әскерде қызмет етуге жарамсыз, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз бәріміз балаларымыздың дені сау болғанын қалаймыз. Бірақ, оларды дене шынықтыру сабақтарынан босатады, балалардың компьютер ойындарымен әуестенуіне ата-ана бақылауы әлсіз, мұның бәрі шектен тыс оқу жүктемелерімен одан әрі ушыға түседі. Нәтижесінде, бүгінде мектеп жасындағы балалардың кем дегенде 75% гиподинамияға шалдыққан», - деп атап өтті депутат.

Г.Иксанова дәрігерлердің мәліметтерін келтірді, олардың айтуынша «тірек-қимыл аппараты ауруларының өсу үрдісі байқалып отыр». Осылайша, оның сөзінше, соңғы 2 жылда сколиозбен ауыру 2 жарым есеге артқан.

«Әр бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады. Нәтижесінде, медициналық комиссияға келген әскерге шақырылушылардың тек әрбір үшіншісі ғана шектеусіз әскери қызметпен айналысуға дайын, әрбір үшіншісі қызметке жарамсыз», - деген статистикамен бөлісті Г.Иксанова.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың арасында зиянды әдеттердің таралуы үш жылдың ішінде төмендей бастағанына назар аударды.

«Үш жылда шылым шегу, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттермен әуестені, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар арасында төмендеген. Сондай-ақ, семіздік көрсеткіштері де аздап төмендеді. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 26,3 % жүйелі түрде спортпен айналысады, алайда мақсатты қамтуға, яғни 25%-ға, 4 облыс Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облысы жеткен жоқ», - деді ол.

Фото:www.kamchatka.aif.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

Пособие по 70 тыс. тенге за каждого ребенка: какое решение приняли в Минтруда

Петросян раскрыл смысл брака с Брухуновой

"Уят": подписчики пристыдили родителей Кайрата Нуртаса за видео

Дуэт Алсу с богатейшим азербайджанцем сразил публику