Алматыда жеке тұрғын үйді өрт шалды

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін Алматыда жеке тұрғын үй өртке оранды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін күндіз 13 сағат 14 минутта «101» кезекші бөліміне Медеу ауданы, Оразбаев көшесі, 2 мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 13 сағат 24 минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер бұл ақпаратты растады. Белгілі болғанындай, жеке тұрғын үйді және оның қасындағы шаруашылық қора-жайларды өрт шалған. Өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады», - деді С. Баймұханбетова.

Өрт 13 сағат 39 минутта ауыздықталып, 14 сағат 18 минутта толығымен сөндірілді.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айбота Жаппарберген

Фото: today.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: