Елді мекендерден еріген қар суын ағызу жұмыстары жалғасады

Zakon.kz
Есіл өзені деңгейінің көтеріліп, арнасынан асуына байланысты облыстық маңызы бар «Покровка-Корнеевка» автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Елімізде елді мекендерден еріген қар суын ағызу, үйлерден және оның айналасынан суды сору, уақытша дамбалар салу жұмыстары жалғасады. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Смирново ауылында судың ағысы бұрылды. Қазір су басқан үй мен қора-қопсы жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Қызылжар ауданының Бескөл, Есіл ауданының Корнеевка, М.Жұмабаев ауданының Алуа, Темирязев ауданының Степное ауылдарында қар суының ағысын бұру жұмыстары жалғасады. Бұл елді мекендерде 10 үй мен 29 қора-қопсы әлі де су құрсауында қалып отыр.

Есіл өзені деңгейінің көтеріліп, арнасынан асуына байланысты облыстық маңызы бар «Покровка-Корнеевка» автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысындағы Суриковка кентінде судың бағытын бұру және қар суын ағызу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 66 адам мен 24 бірлік техника жұмылдырылған. 38 275 текше метр еріген су сорылды. Лисаковск, Рудный қалаларында су сору жұмыстары жүргізілді.

Еріген қар суы арнасынан асуына байланысты облыстық маңызы бар автожолдың «Қостанай-Введенка» (69-97 км) учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында құтқарушылардың көмегімен тұрғын үйлердің аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында 46 709 метр, оның ішінде соңғы тәулікте 800 метр уақытша дамба салынды.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында 202 944 дана қапқа құм толтырылып, төселді.

Бүгінгі күні 526 үйден су сорылды. Қостанай облысында – 20, Солтүстік Қазақстан облысында – 10, барлығы 30 үй су астында қалып отыр.

Көшірілген 1024 тұрғынның 935-і өз үйлеріне қайтып оралды. 62 адам туыстарының үйіне орналастырылса, 27 адам уақытша эвакуациялау пунктерінде тұрып жатыр.

Тасқын басталғалы бері су басқан аудандардан 2781 бас ірі қара және ұсақ мал қауіпсіз орынға апарылды. 2407 бас мал иелеріне кері табысталды.

Фото:www.vkogps.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Снегопад и 27-градусный мороз: резкая смена погоды ожидается в Казахстане

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

Сильные морозы и гололед: в Астане, Алматы и 16 областях объявили штормовое предупреждение