Қазақстанда көктемгі шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Осы көктемде кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 14 мыңға жуық жас қазақстандық азамат әскери қызметке шақырылуы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Осы аптада Талдықорғанда шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту басталды. Алғашқы 55 жаңадан шақырылған бозбала Шығыс Қазақстан облысының ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне қызмет етуге аттанды. Жиын пунктінде жөнелтер алдында шақырылушыларды құрғақ азықпен (жеке рациондық тамақ) қамтамасыз етті. Бұл атаулы іс-шараға шақырылушылардың туған-туысқандары қатысты.
«Әскерде қызмет ету – ол еліміздің әрбір азаматының міндеті және парызы. Барша жаңадан шақырылғандардың атынан адал және мүлтіксіз қызмет етеміз деп ант беремін», - деді Алматы облысынан әскерге шақырылған Жалғас Советұлы.
Жергілікті әскери басқарудың облыстық органымен шақырылудың соңына дейін Қазақстанның барлық аумағында орналасқан әскери бөлімдерге тағы да жүздеген адамды жөнелту жоспарлануда.
Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, 2015 жылғы күзгі шақырылыммен салыстырғанда шақырылушылардың саны артып келеді. Қалғандары Қазақстанның өзге де әскерлері мен әскери құралымдарына жіберіледі.
Осы аптада Астанадан да алғашқы шақырылушылар аттанды. Одан басқа, бүгін Алматы қаласының қалалық жиын пунктінде шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері өтуде.
Бұл Алматыдан шақырылғандардың алғашқы көктемгі жөнелтілуі. Іс-шараға қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы мен оның құрылымдық бөлімшелері қатысады.
Фото:www.mod.gov.kz