Алматыда билбордтар Копенгаген, Мәскеу, Франция тәжірибесіне сай жасалмақ

Қаланың 8 ауданында билбордтардың 90 пайызын жекеменшік жарнама берушілер өз еріктерімен сүруге келіскен.

Алматыда рұқсаты жоқ және архитектуралық талапқа сай келмейтін билбордтар мен жарнама тақтайшаларын сүру шарасы жалғасын тауып жатыр. 3 күннің ішінде заңсыз тұрған 138 жарнама бағанының 108-і сүрілді. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша шаһардағы барлық жарнамалар ортақ стандартқа келтіріліп, эстетикалық көрінісі мен қауіпсіздігі екшеленеді. Қазіргі таңда қалада 2 мыңға жуық билборд бар, деп хабарлайды «Алматы телеарнасы».

"Барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек. Біз Копенгаген, Мәскеу, Франция және басқа да елдердің тәжірибесіне сүйеніп отырмыз. Олардың тарихи жерлерінде көз сүріндірер жарнамалар жоқ",- деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Ғабит Садырбаев.

Қаланың 8 ауданында билбордтардың 90 пайызын жекеменшік жарнама берушілер өз еріктерімен сүруге келіскен. Қазір 30 жарнама құрылымдары қалған. Олар келесі аптаның соңына дейін сүріледі.

"Кейбірінің жалға алу мерзімі өтіп кеткен. Кейбірі қараусыз қалған. Ал олар көшелердегі, қиылыстардағы бағдаршамдар мен белгілерді жауып қалады. Мәдениет ошақтарын, атап айтсақ, ескерткіштерді көлегейлеп, қолайсыз жағдай туғызып отыр. Жарнама құрылымдарына талдау жасай отырып, бұл шараның жоспарлы түрде орындалатынын айтқым келеді",- деді Ғабит Садырбаев.

Фото:www.almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: