Калифорния штатының бокс комиссиясы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің төрешілерін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА, Fightnews.com жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Кездесудің 3-ші рефериі болып Джек Рейсс таңдалды. Ал, Пэт Рассел, Стив Морроу және Аделаид Берд шаршы алаңның сыртында төрелік етеді.
Айта кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегі 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
Фото:kaztv.kaztrk.kz