Алматыда велосипед тізгіндеген ұры ұсталды

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Алматыда велосипед тізгіндеген ұры ұсталды. Ол көшеде тұрғындардың телефонын ұрлап алып, аулаларға қашып, ізін суытып отырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық ІІД хабарлағандай, 26 жастағы Грузия азаматы осылайша 5 адамның қалтасын қаққан. Қазір оған ҚК 191-бабының 2-бөлімі бойынша тонаушылықпен айналысты деген айып тағылып отыр.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Алматы полициясы егер аталған азаматтың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 298-54-08; 298-54-02 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Фото:pavlodarnews.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: