Алматыда кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары басталады

Қауіпті жәндіктерді құрту үшін 2 саты бойынша химикаттар себілмек.

24 сәуірде Алматыда кенеге қарсы залалсыздандыру шараларыбасталады. Мұндай жұмыстар шаһардағы барлық саябақтарда, демалу орындарында және көгалдандырылған аумақтарда жүргізілмек, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары сәуірдің 17-сінен Алматы маңында зиянкестермен күресті бастады. Әуелі жұрт көп тынығатын Медеу, Алмаарасан, Бутаковка, Қарағайлы шатқалдары нысанаға алынды. Енді қаладағы барлық саябақтарда улау жұмыстары атқарылмақ.

Қауіпті жәндіктерді құрту үшін 2 саты бойынша химикаттар себілмек. Алматы қаласы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақ болып табылады. Сондықтан эпидемиологиялық маусым кезінде қатер үнемі сақталады. Осыған орай жылдағы дәстүрмен залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, қалада әзірге кенеден келер кеселге шалдығу оқиғасы тіркелмеген.

Фото:almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: