Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктер мен оралмандарға сатылмайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктер мен оралмандарға сатылмайды - Б.Смағұлов

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктер мен оралмандарға жеке меншікке берілмейді, 25 жылға жалға ғана беріле алады, деді ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару iстерi жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов «Жер заңнамасынның нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы брифингте. Бұл туралы , primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«ҚР Жер кодексiнiң «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығы» 24-бабына сәйкес шетелдiктер мен оралмандарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншiкке берілмейді, 25 жылға ғана жалға беріледі», - дедi Б.Смағұлов.

Алайда, жерлер үй салу, жеке тұрғын үй құрылысы, ағаш өсіру мақсатында сатыла алады.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей, «Елбасының 5 институциялық реформасын жүзеге асыру мақсатында берген тапсырмалары негізінде Үкіметтің алғашқы қадамдарының бірі (35, 36 қадам) аукцион арқылы жекешелендіру, ауыл шарушылығы жерлерін жеке меншікке беруді ынталандыратын механизмдерді енгізу, сондай-ақ аграрлық сектордың өнімділігін арттыру мақсатында жер телімінің мақсатты міндетін өзгерту процедурасын жеңілдету арқылы нарық айналымына ауыл шаруашылығы жерлерін енгізу мәселелері пысықталды».

Фото:remontkd.ru

Следите за новостями zakon.kz в: