Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекітті, олардың бағасы 2016 жылдың соңына дейін көтерілмейді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, министрліктің сайтында жарияланған тізімдегі дәрілердің арасында қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дәрілер бар, сондай-ақ көз және құлақ тамшылары, дәрумендер және басқа да дәрі-дәрмек түрлері кіреді.
105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандумға ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтардың басшылары қол қойған болатын.
Фото:ustinka.kz