Мемлекет басшысы қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің ұзақ жыл түрлі мемлекеттік органдарда қызмет істеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол бірнеше облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Гурьев және Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарып, басқару жұмыстарында шыңдалды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
«Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жас буынды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сағидолла Құбашевтің жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің жарқын бейнесі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын айтты.
Фото:turkystan.kz