Шымкент аграрлық колледжінің студенттері биылғы оқу жылынан бастап үш тілде оқиды

Шымкент аграрлық колледжінің студенттері биылғы оқу жылынан бастап үш тілде оқыту жүйесіне көшті.
Колледж мұғалімдері ағылшын тілін меңгеру үшін биылғы оқу жылының соңына қарай арнайы курстан өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.
Білім жетілдіріп болған соң олар Алматы және Астана қалаларында сынақ тапсырады.
15 түрлі кәсіп иесін оқытып жатқан Шымкент аграрлық колледжі жанынан былтыр заманауи оқу өндірістік базасы жасақталды.Оның құрамына ауыспалы егістік танабы, жүзім алқабы, жылыжай, машина-трактор станциясы мен ветеринарлық клиника кіреді.
Ғани Қалмаханов
Фото:shek-kps.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей Туркестанская область
Следите за новостями zakon.kz в: