ҚР-да әйелдер арасындағы жұмыссыздық 6,6-дан 5,7%-ға дейін төмендеді - Т.Дүйсенова

2014 жылдан бастап жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларды асырап алуға бір реттік ақшалай төлем бар, ол тұтас бір жүйенің тағы бір компонентіне айналды.

Соңғы 6 жылда қазақстандық әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,6%-дан 5,7%-ға дейін төмендеді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алдын ала қорытындыларына арналған халықаралық конференция барысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«2010 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық 5,8%-дан 5%-ға дейін, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,6%-дан 5,7%-ға дейін төмендеген», - деді Т.Дүйсенова.

Ол еске салып өткендей, биылғы жылдың 6 сәуірінде Елбасы халықты жұмыспен қамту туралы заңға қол қойды. Заңда азаматтардың жұмысқа орналасуы бойынша бірқатар жаңа нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарын қоса алғанда 7 жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 және 2 топтағы мүгедекке күтім жасайтындар үшін барлық жағдайлар ескерілген.

«Жұмыспен қамту шараларын жүзеге асырғанның арқасында экономикалық өсім артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Отбасы саясатының негізгі бағыттары мен қызметі бойынша сенімді әлеуметтік кепілдік отбасын бүтіндей мемлекеттік қолдау жүйесін құруға негіз болды. Мемлекет басшысы 2015 жылдың 30 қарашасындағы халыққа Жолдауында экономикалық тәуекелдерге қарамастан халықты әлеуметтік қолдау жалғаса беретінін айтқан болатын», - деп баса айтты министр.

Оның айтуынша, әрбір отбасыға берілетін жәрдемақылар мен қызметтер бала туу көрсеткішінің артуына септігін тигізуде. Көп балалы аналар мен мүгедек балаларды бағып отырғандарға да тиісті жәрдемдер жасала беретін болады.

2014 жылдан бастап жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларды асырап алуға бір реттік ақшалай төлем бар, ол тұтас бір жүйенің тағы бір компонентіне айналды.

Фото:www.matritca.kz

Следите за новостями zakon.kz в: