Алматылық жас пианист Бельгияда өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Біздің жас музыкантымыз 33 елдің қатысушылары арасында үздік шықты.

Алматылық жас пианист Санжарәли Көпбаев Бельгияда Брюссель қаласында өткен «Мersi, Маestro!» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің 6 класс оқушысы жақында өзінің ұстазы Ботагөз Айқалқаевамен бірге шетелден оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санжар 12-14 жастағы балалар тобында сынға түскен.

«Біздің жас музыкантымыз 33 елдің қатысушылары арасында үздік шықты. Кез-келген байқау үміткердің талантын шыңдауға мүмкіндік беретіні рас. Басында қатысушылардың тізімін көріп, көңілімізде қорқыныш туды. Бірақ, Санжар өз міндетін мүлтіксіз орындады», - деді ұстазы Ботагөз Айқалқаева.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде конкурстың ережесіне сәйкес пианист бейтаныс аспапта жедел ойнай жөнелген. Екінші турға 13 үміткер өтті. Олардың арасында бірнеше классикалық туындыны орындап шыққан Санжардың өнері үздік теп табылды.

Айта кету керек, дарынды бала байқауға өнер жанашырларының арқасында аттанған.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:inform.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: