Алматыда салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап, ер адам мерт болды

Опырылған қабырғаның көлемі - 2 шаршы метр.

Алматыда салынып жатқан жекеменшік үйдің қабырғасы құлады. Ер адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат, ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың берген мағлұматына сілтеме беріп хабарлайды.

Оқыс оқиға Түрксіб ауданында кеше кешкі 18.36 шамасында болған.

«Жөндеу жұмыстары кезінде қабырғаның бір бөлігі 30 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Ол 4 ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бірақ, алған жараларынан қайтыс болып кетті. Ол үйдің қожайынының туысқаны екен»,- деді Р.Иманқұлов.

Опырылған қабырғаның көлемі - 2 шаршы метр.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:www.yaplakal.com

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: