«Wildlife SOS» ұйымының табиғат қорғаушылары Рея, Сита және Миа атты үш пілді құлдықтан құтқарды. 50 жылға жуық жануарлар кезбе циркпен көшіп-қонып жүрген, деп жазады ҚазАқпарат, «ТАСС» агенттігі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«Wildlife SOS» құрылтайшысы Гита Сешаманидің айтуынша, циркте пілдерді ұрып-соғып, аш ұстаған.
«Оларға ветеринарлық көмек те көрсетілмеген. Қазір пілдер Үндістанның солтүстігінде Уттар-Прадеш штатындағы Матхура қаласына жақын жердегі жайлы қораға жеткізілді», - деді Сешамани.
Гитаның айтуынша, экологтар Сита мен Мианы өткен жылы қарашада босатпақ болған. Бірақ цирк иесі оларды беруден бас тартқан.
Экологтардың пікірінше, үш пілді жас кезінде браконьерлер ұстап алып, циркке сатып жіберген болуы мүмкін.
Фото:greenbelarus.info