Оңтүстікте қоғамдық көмекшілердің септігімен 65 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері полицейлер қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 65 қылмыс пен 583 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Оңтүстіктің полицейлері қоғамдық көмекшілермен жұмысты қайта бастады. Ішкі істер департаментіне қарасты жергілікті полиция қызметі қоғамдық көмекшілер институтын қайта жандандырып, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға қатыстыру мақсатында облыс әкімшілігінен 40 миллион теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды оtyrar.kz.

Бұған дейін құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізу мақсатында әр учаскелік полиция пункттерінің жанынан қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Кеңес мүшелері учаскелік полицейлермен бірлесе жедел алдын алу шаралары мен рейдтерге шығып, қоғамдық тәртіп сақтауда, әкімшілік құқық бұзушыларды анықтауда белсене көмектесуде. Қоғамдық тәртіпті қаматамасыз етуде тұрғындарға насихаттық жұмыстар да жүргізуде.

Нәтижесінде жыл басынан бері полицейлер қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 65 қылмыс пен 583 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Фото:otyrar.kz


Следите за новостями zakon.kz в: